"Кітап - ғажайып әлем" атты әңгіме сағаты
"Георгиевка орта мектебі" КММ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қысқы демалыс кезінде оқушыларды кітап оқуға тарту, уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4- сынып оқушыларымен "Кітап - ғажайып әлем" атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті. Өздері оқыған шығармаларды сыныптастарына оқуға ұсынды.