11
ноябрь
2026
«МЕКТЕП ОТБАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ» әлеуметтік жобасы



«ӘРЕКЕТ УАҚЫТЫ» – ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ҚҰРЫЛТАЙЫАбай облысында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының облыстық көшбасшылар құрылтайы өтті. 75-тен астам белсенді жас бас қосқан шараға мектебіміздің мектеп парламенті де қатысты.
Құрылтай аясында мектеп парламентінің президенті Оралова Адина TEDx форматында «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ — САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ АУМАҒЫ» тақырыбында сөз сөйлеп, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» бағдарламасы аясындағы «МЕКТЕП ОТБАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ» әлеуметтік жобасын таныстырды. Сонымен қатар, English Speaking Club және All About GSSH жаңалықтар порталы туралы ақпаратпен бөлісті.
Құрылтайға мектебіміздің атынан:
Жас көшбасшылар мектептің аға тәлімгері Сіләмғазинова Гюзаль Асхатқызының жетекшілігімен қатысты.
Белсенді жастар — жарқын болашақтың бастауы!