Жарма АПБ қызметкерлері
Бүгін мектебімізде Жарма АПБ қызметкерлері Қонақбаева Жанна Нұрланқызы, Рахимбаева Аяулым Миронкызы 9–11 сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға буллинг және кибербуллингтің алдын алу, жолда жүру ережелерін сақтау, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың жүріп-тұруына қатысты талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға тақырыпқа байланысты танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.