07
февраль
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында көрнекі ағартушы, тарихшы, географ, этнограф Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы, қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алып, өз ойларын ортаға салды. Танымдық шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік рухын арттыруға ықпал етті.