«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай, «Балалар әдебиетінің шамшырағы» атты әдеби-танымдық сағат өтті. Оның барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен таныстырылып, қаламгердің шығармалары оқуға ұсынылды.