09
декабрь
2021
«Кибербуллингтің алдын алу»
«Георгиевка орта мектебі» КММ – де мектеп психологы Б.Қабидоллаева 5 «А» сынып оқушыларымен «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқушылармен кибербуллинг ұғымы, қалжың мен келемеждің айырмашылығы, оның салдары, онлайн қысым көрсету, көмек сұрау, достармен қарым-қатынас т.б. маңызды мәселелер туралы әңгіме жүргізіліп, «Мен кибербуллингка қарсымын» тақырыбында сурет салынды. Пайдалы кеңестер беріліп, кибербуллингке тап болған жағдайда көмектесетін орталықтар мен шұғыл телефондар таныстырылды.