28
октябрь
2021
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
«Георгиевка орта мектебі» КММ- де мектеп психологтары А.Н.Кокиева мен Б.А.Кабидоллаеваның ұйымдастыруымен мектептегі және мектептен тыс жерде психикалық және физиологиялық зорлық-зомбылықтың алдын – алу мақсатында 26 қазан күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық брошюралар таратып, «Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын!» тақырыбында 6 «Б» сынып оқушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында оқушылар зорлық-зомбылық туралы білімдерін кеңейтіп, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, «Мен бақытты баламын!» тақырыбында сурет салды.