01
декабрь
2025
«Квадрат теңдеуді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.



Апталық аясында математика пәні мұғалімі Г.Ж.Догалбаева 8 «Д» сыныбында «Квадрат теңдеуді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында мұғалім «Сөйлемді жалғастыр», «Ой қозғау», «Ойлан – жұптас» әдістерін қолданып, оқушылардың тақырыпты меңгеруіне ықпал етті. Оқушылардың сергіп, назарын шоғырландыру мақсатында көзге арналған сергіту сәті де жасанды интеллект көмегімен ұйымдастырылды. Сабақ соңында білім деңгейі қысқа тест жұмысы «көршіңді тексер» әдісімен панельге көрсетілген кілт арқылы тексеріліп бағаланды. Сабақ «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексиямен аяқталды.