Суицид превенциясы бойынша тренерлерге арналған бағдарламаның әдістемесі » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
» » Суицид превенциясы бойынша тренерлерге арналған бағдарламаның әдістемесі
10
апрель
2017

Суицид превенциясы бойынша тренерлерге арналған бағдарламаның әдістемесі

Суицид превенциясы бойынша тренерлерге арналған бағдарламаның әдістемесі

Мазмұны


Кіріспе (кітапшадан)



Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған нұсқаулық

 

Ата-аналар жиналысы бағдарлама енгізілгенге дейін 10-14 күн бұрын ұйымдастырады. Бұл ата-аналардың бағдарлама туралы хабардар болуына және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жиналыста слайдтар көрсетіліп, ақпараттық келісімшартпен таныстырылып, талқылаулар жүргізілетіндіктен, оны өткізуге 1 сағат уақыт бөлу ұсынылады.

Ата-аналармен жиналысты өткізу үшін нұсқаушы «Суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыруда ата-ананың рөлі» тақырыбындағы слайдты қолданады. Психолог слайдтың материалдарымен алдын ала танысып, жиналысқа дайындалуы қажет. Нұсқаушы талқылаулар барысында бағдарламаның барлық бөліміне қатысты кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын болу керек. Сол себепті психолог тренерлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтағы барлық тақырыптарды жақсы меңгеруі тиіс.

Ата-аналар өздерінің уақыттарын реттеу, жұмыс барысында белсенділік таныту және берілген ақпаратты толық түсіну үшін жиналысқа алдын ала шақырылады. Кездесудің уақыты мен орны ата-аналарға қолайлы болуын және сыныптағы балалардың санына қарай барлық ата-аналардың қатысуын есепке ала отырып жоспарлануы керек. Жүргізілетін орынды нұсқаушы өзі таңдайды (кабинет, сынып, акт залы )

Ата-аналарды шақыру үшін бірнеше тәсілді қолданған жөн: қоңырау шалу, электронды пошта, хабарландыру, жасөспірімдердің көмегі (ауызша шақыру, күнделігіне жазу т.б). Шақыруда жиналыстың өтетін уақытын, орнын, ұзақтығы мен тақырыбын көрсету керек. Нұсқаушы сынып жетекшісімен бірге хабардың ата-аналарға жеткеніне көз жеткізулері керек.

Жиналысқа арналған кабинет сенімді, әрі қолайлы атмосфераны тудыратындай жағдайда болуы керек: үстелдер мен орындықтар әңгімелесу мен слайдты жақсы көру үшін дұрыс орналасуы керек. Жиналыс басталмас бұрын слайд көрсетуге арналған құрал-жабдықтар мен акустиканы тексеру қажет: әр ата-ана бағдарлама туралы ақпаратты ести алуы тиіс. Үстелдердің үстінде алдын ала ақпараттық келісімшарт қойылады («Ақпараттық келісімшарт формасы» қосымшаға қараңыз)

Ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді күтіп алып, сәлемдесіп, ішке кіргізген жөн.

Слайдты көрсетпес бұрын нұсқаушы өзін таныстырып, кездесудің мақсаты мен тақырыптың маңыздылығы туралы айтып өтеді. Содан сон суицидтің теориялық негіздемесін айтып, ұсынылған слайдқа сәйкес бағдарламаның мазмұнымен таныстырады. Сөз барысында әр баланың бағдарламаның барлық компоненттеріне қатысуы және балалардың қауіпсізідігі маңызды екенін ерекше айтып өтеді.

Сонымен қатар, мультимодальді тәсіл, әр оқушыға қатысты құпиялықтың сақталуын, педагогтардың, педагогикалық және медициналық қызметтердің рөлі туралы әңгімелейді. Түсіндірме жұмыстарының соңында бағдарламаның нәтижелі болуы үшін, әр ата-ананың жауапкершілігі мен рөлі маңызды екенін сөз етеді.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында нұсқаушы тыңдаушылардың берілген ақпаратты түсініп отырғанына көз жеткізу үшін келесідей сұрақтарды қойып отыруы керек: Сұрақтарыңыз бар ма? Айтылып жатқан ақпарат мен бағдарламаның мазмұны түсінікті ме? Ұсынылған ақпаратпен келісесіздер бе?

Сұрақтарға жауап беру барысында директивті тәсілді қолданбаған жөн. Ата-аналардың тәжірибесі мен көзқарасына құрметпен қарап, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен фактілеріне, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әңгімені дұрыс сарынға бағыттау керек.

Талқылаулардан кейін, ата-аналарға ақпараттық келісімшарт формасымен танысу және оларға қол қою ұсынылады. Қажет болған жағдайда келісімшартпен асықпай танысу үшін, ата-аналарға қосымша уақыт беріліп, қол қойылған құжаттарды қайтаратын уақыт белгіленеді. Ақпараттық келісімшартты психолог бағдарлама аяқталғаннан кейін кем дегенде 3 жыл көлемінде сақтауы тиіс.

Бағдарламаға жауапты тұлға (психолог, сынып жетекші) ата-аналарға байланыс ақпаратымен қамтамасыз етуі керек: телефон нөмірлері, электронды пошта.

Қажет болған жағдайда ата-аналар жеке кездесулерге шақырылады. Жиналыс позитивті көңіл-күйде аяқталады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив