Мектеп тарихы » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
13
март
2017

Мектеп тарихы



 

 


 

 

 

 

Мектептің тарихы

«Георгиевка орта мектебі»-ауданымыздың ең ірі білім ордалардың бірі. Ескі ғимарат өткен ғасырдың 20 жылдары Ұлы Отан соғысына дейін бастауыш мектеп болып ашылған. Оның меңгерушісі Попова Клавдия Георгиевна болған. 1964 жылы сегіз жылдық мектеп болып ауысып оны Иванова Ираида Григорьевна басқарды. 1968 жылы Ираида Иванованың аудандық коммунистік партия жұмысына ауысуына байланысты мектеп директоры болып Н.А Кестель, кейін Борисова А.Н. тағайындалды. 1975 жылы аудан орталығында оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа мектеп ғимаратының есігі айқара ашылды. Бұл игі бастамаға мұрындық болған сол кездегі «Расцвет» колхозының төрағасы Гончаров Николай Никифорович еді. Мектеп осы аталған ұжымның қаражатына салынды. Мектеп оқушылары да бұл құрылысқа өз көмектерін берді. Сол жылы 640 оқушы мектеп табалдырығын аттады. 1978 жылы мектеп БЖХК қатысып қола медальмен марапатталды. Әскери-патриоттық тәрбие жетістітері үшін В.И. Ленин атындаға бүкілодақтық пионерлер ұйымының алғыс хатымен мараптталды. Мектептің Олег Кошевой атындағы пионерлер ұйымы алдыңғы қатарлы ұйым болды. Мектеп директоры болып Калинкин Николай Михайлович тағайындалды. 1980-1984 жылдары мектеп директоры қызметін Соммер Виктор Федорович атқарды. Соммер Виктор Федоровичтің мектепті басқаруы кезінде барлық салт - дәстүрлер өз қалпында сақталып, жалғасын тауып отырды. Мектепте Даңқ мұражайы толыққанды жұмыс істеді. «Расцвет»колхозының демеушілігімен мектеп оқушылары жыл сайын одақтас республикаларға туристік саяхаттарға барып отырды. Оқушылар да колхоздың дамуы үшін көмектер көрсетіп, жаз және көктем уақыттарында, күзде көкеністерді егуге, күтіп-баптауға, өнімдерді жинауға қол ұштарын тигізді. 1984-1985 жылдары мектеп директоры Федотова Анна Михайловна, 1985-1994 жылдары Ульрих Александр Адамович болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін, Александр Адамовичтің бастауымен мектептің ғимараты кеңейтіліп, 1991 жылы қазақ сыныптары ашылды. 1994-2009 жылдары мектеп директоры қызметін Сарсенбаева Рәзия Сұлтановна атқарды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға»деп дана Абай айтқандай, ұзақ жылдар бойы мектеп қабырғасында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздар да аз емес. Атап айтсақ: математика пәні мұғалімдері Енкенов Тұрлыхан Манаевич, Гофман Эмма Филипповна, Мұқажанов Жанат Шакенович, физика пәнінің мұғалімі Жапишева Төкен Толеухановна, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімдері Өзбекова Үміт Өзбековна, Ержанова Бақытгул Ерғалиқызы, Әбенова Рыскул Ергалиқызы, Есилбаева Сакен Қанабековна, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Чайова Зоя Карыбаевна, Харитоненко Антонина Сергеевна, Стуколова Валентина Константиновна, Жакупова Людмила Григорьевна, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жакупов Тлеуғазы Жакупович, Каракатов Бөкен Сабдошевич, Панчихин Владимир Иванович, георгафия пәнінің мұғалімі Ковалева Мария Федоровна, тарих пәнінің мұғалімі Қайсанова Нурзада Райхановна, бастауыш пәнінің мұғалімдері Трухман Валентина Васильевна, Нурсапинова Меңсулу Набиевна, Нечепуренко Любовь Михайловна, химия, биология пәнінің мұғалімдері Косатова Валентина Павловна, Сапарьянова Баққайша Төлеумухановна, Каракатова Гульжайна Мухамедкалиевна, Ибраева Найля Слямхановна, физика пәнінің мұғалімі Салыкжанова Фатима Аубакировна, сурет сызу пәні мұғалімі Душкина Татьяна Ивановна, еңбек пәнінің мұғалімдері Шепелев Николай Николаевич, Делун Даллес, Кенгиспаева Жания Сакежановна, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Мукиева Рысбала Смагуловна қызмет атқарған.

Еселі еңбек еленіп, Хрунина Анна Филиповна және Андрусенко Тамара Ивановна «Каз ССР білім ісінің үздігі» атағымен марапатталған. 2009 жылдан бастап мектепті Шаймуратов Қанат Рымханович табысты басқарып келді. Қазіргі уақытта «Георгиевка орта мектебі»КММ-ауданымыздың тірек мектептердің бірі. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары әр түрлі аудандық, облыстық, республикалық халықаралық пәндік олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, байқауларға белсене қатысады. Бұл тартысты бәйгелерде үнемі жүлделі орындарға ие болып, алдыңғы қатардан көрінеді. Білім сапасы және тәрбие беруде бірінші орындарға ие болып отыр. Мектеп қазіргі заман талабына сай мультимедиалық және арнаулы пән кабинеттермен, жедел интернет жүйесімен жабдықталған. Екі спорт зал, 100 орындык акт залы, кітап қорына бай кітапхана, жабдықталған шеберханалар бар. Жоғарғы сынып оқушылары машинатану пәні бойынша білім алып, мектеп бітіргенде «В», «С»категориялы жүргізуші куәлігін алып шығады. 2016 жылы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңаша түрге енді.

2016-2017 оқу жылында мектеп директоры болып Даутова Алия Жасулановна тағайындалды.


Похожие публикации:

12 март 2017 Аналар күні