Аналар күні
Ердің анасы- елдің анасы
«Георгиевка орта мектебі» КММ –де 1-11- сыныптардың аналарына арналған «Ана- өмірдің қуанышы, тірегі» тақырыбында 2017 жылдың 06 наурызында «Ашық есік» мерекесі өткізілді. Мереке барысында аналарға арнап оқушылардың өз қолымен жасаған қолөнер көрмесі және фото суреттер ұсынылды. 11- сынып оқушылары аналармен сұхбат жүргізіп, аналардың мектепке деген тілектерін қабыл алды. Сабақ кестесі бойынща сабақтарға қатысып, өз балаларының білімдерін, ойларын байқады. Сабақтар аяқталғаннан кейін «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана», Ты подарила мне жизнь», «Анаға қарап, қыз өсер», «Мир и счастье для меня - мама» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мереке соңында,«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбында салтанатты жиын өткізіліп, мектеп өміріне белсенді араласып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген аналарға мақтау қағаздары табысталды. 8 наурыз мерекесіне арнап ұйымдастырылған мерекелік шара аналардың көңілінен шығып, барлық әжелер мен аналарға сыйлық болып табылды. Осындай қызықты мереке сыйлаған мектеп ұжымына әжелер мен аналар өз ризашылықтарын білдірді.