12
ноябрь
2021
«Аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету»
2021 жылдың 4 қарашасы күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де «Аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» кабинетінің фельдшері С.С.Сулейменова, мектеп медбикесі Д.Т.Нурмадиева, биология пәні мұғалімі А.Ж.Тұрсынханова 7-8-сынып қыздарымен салауатты өмір салтын ұстану ережелері, зиянды заттар, оның ішінде қазіргі күні көп таралып отырған электронды темекінің құрамындағы зиянды заттар, олардың түрлері жайлы мол ақпарат берді. Атаулы мамандар қыздардың жеке бас гигиенасы туралы сөз қозғап, физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік-психологиялық кеңестер ұсынды. Оқушылар пайдалы ақпарат және толғандырған сұрақтарына жауап алды.