Әл-Фараби атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ олимпиада
2020 жылдың 30 қазанында «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 10- сынып оқушылары арасында Ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, оқу пәндеріне қызығушылықты дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени диапозын кеңейту, сабақтан тыс жұмыстарды жандандыру, қатысушыларға өз білімдері мен мен дағдыларын балама бағалауға мүмкіндіктер беру.
Аталған олимпиадаға «Георгиевка орта мектебі» КММ- нің 10- сынып оқушылары да қатысып, нәтижесінде Мукашева Жансая мен Советбекова Ажар жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Серікжанқызы Ақбота.
Жүлдегерлер мен жетекшісін жеңісімен құттықтаймыз!