16
февраль
2020
Назарбаев Зияткерлік мектебінің математикадан ІІ облыстық олимпиадасы
2020 жылдың 15 ақпанында дарынды балаларды анықтау және қолдау, білімді дәріптеу оқушылардың математикалық дағдыларын дамыту мақсатында Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен п.ғ.д., профессор Қ.Н.Нұрсұлтанов атындағы 5-6-сынып оқушыларына арналған математикадан ІІ облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің оқушылары қатысып, нәтижесінде 5-сынып оқушысы Самкенов Мадияр ІІІ орын, 6-сынып оқушылары Амангелді Аружан ІІІ орын, Аманбаев Алижан ІІ орынды иеленді.





