31
январь
2020
«SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының аудандық кезеңі
2020 жылдың 30 қаңтар күні роботты құрастыру және бағдарламалау бойынша дарынды оқушыларды анықтау, қолдау, білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру, бағыттау мақсатында «Жарма аудандық білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастырумен облыстық «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының аудандық байқауы өтті. Аталған байқауға «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің 5-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде «IT жоба» бағыты бойынша Нұрахмет Ақжігіт ІІІ орын, «Робототехника» бағыты бойынша Самкенов Мадияр ІІІ орын, «Журналистика» бағыты бойынша Хасенова Гүлзат пен Теңлікова Маржан ІІ орын, «3D модельдеу» бағыты бойынша Рамазан Роллан жүлделі І орынға ие болды.