11
декабрь
2023
“Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз” тақырыбында психологиялық тренинг
“Георгиевка орта мектебі” КММ-де мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай 5“Б” және 6“Г” сынып оқушыларымен “Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Сыныптағы психологиялық климатты жақсарту, оқушылар арасындағы позитивті қарым-қатынасты дамыту және сынып ішіндегі ұйымшылдық пен бірліктің маңызын түсіндіру мақсатында жүргізілген тренинг барысында “Лента”, ”Ыстық орындық”, “Балалық шақтан естеліктер”, “Кедергілерден өту”, “Дос іздеймін” ойындары ойнатылып, балалар қызыға қатысып, жоғарғы көңіл-күйде болды.














