13
октябрь
2023
«Сүйіспеншілік әрбір жүректе» тақырыбында психологиялық тренинг
13 қазан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтарының жоспарына сай А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Сыныптағы психологиялық климатты жақсарту, оқушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сынып ішіндегі ұйымшылдық пен бірліктің маңызын түсіну мақсатында жүргізілген тренинг барысында «Жағымсыз қасиеттетерден арылайық!» ойыны арқылы жағымсыз қасиет атауларын қоқыс шелегіне тастап, «Адами құнды қасиеттер», «Тимбилдинг» ойын - жаттығулары ойнатылды. Тренинг соңында балалар көтеріңкі көңіл-күйде болды.