10
октябрь
2022
«Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтарының жоспарына сай 4«Ә» сынып оқушыларымен «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Сыныптағы психологиялық климатты жақсарту, оқушылар арасындағы позитивті қарым-қатынасты дамыту және сынып ішіндегі ұйымшылдық пен бірліктің маңызын түсіну мақсатында жүргізілген тренинг барысында «Сергіту сәті», «Күздің ғажап әлемі», «Менің қасиетім», «Эмоцияларды табу» ойындарын қызыға ойнап, жоғары көңіл-күйде болды.