22
сентябрь
2023
«Позитивті көңіл-күй» тақырыбында психологиялық ойын-жаттығулар
22 қыркүйек күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтарының жоспарына сай А.Кокиева, Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен 10 «А»сынып оқушыларының жағымды бейімделуіне жағдай жасау, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Позитивті көңіл-күй» тақырыбында психологиялық ойын-жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар «Іздеп тап», «Кляксография арт-терапиясы» ойындары арқылы өздерін еркін ұстап, көңіл-күйлерін көтере білді.