14
апрель
2023
«Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай 7«В» сынып оқушыларымен «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Сыныптағы психологиялық климатты жақсарту, оқушылар арасындағы позитивті қарым-қатынасты дамыту және сынып ішіндегі ұйымшылдық пен бірліктің маңызын түсіну мақсатында жүргізілген тренинг барысында «Сергіту сәті», «Аяқ іздері», «Ыстық орындық» ойындарын қызыға ойнап, жоғары көңіл-күйде болды.