"Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты
25 мамыр күні мектебімізде "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында 11-сыныптардың соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға құрметті қонақ ретінде Қалбатау ауылдық округі әкісі К.С.Рахимжанов, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Б.Болатбекова, мектепішілік "Әкелер мектебінің" төрағасы М.У.Тоқтағанов және ардагер ұстаз Ғ.М.Искакова қатысты. Мектебіміз бойынша 2023-2024 оқу жылын екі "Алтын белгі" белгісінің үміткерлері мен төрт «Үздік аттестатқа» үміткерлер