" Конституциямыз – халқымыздың ең басты байлығы"
2021 жылдың 30 тамыз күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, қашықтан сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында сынып жетекшілер "Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы, Конституциямыз – халқымыздың ең басты байлығы"- екенін оқушыларға түсіндіре отырып, Ата Заңымыздың қадірін біліп, бабалар аманатына адал болуға, құрметпен қарауға шақырды. Ұлы дала төсіндегі тәуелсіз Қазақстанның көші ілгерілей берсін! Мереке құтты болсын!