07
октябрь
2026
Ұстаздар күніне орай марапаттау!

Ұстаздар күніне орай марапаттау!Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін мектебіміздің бірқатар ұстаздары мен қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды.
Абай облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен мектеп директоры Садықова Найля Мерекеновна және мектеп психологы Кокиева Айгерім Нурлановна марапатталды.
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен және Абай облысының кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін төсбелгімен мектебіміздің ардагер ұстазы Рахимгалиев Даулет Мухтарханович атап өтілді.
Сондай-ақ физика пәнінің мұғалімі Даиров Мадияр Тыныбекович аудан әкімінің Алғыс хатына, ал информатика пәнінің мұғалімі Шаймуратова Жанар Серменбаевна аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасына ие болды.
Барша ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз!
Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағы!