24
декабрь
2025
«Үздік бапкер» номинациясымен марапаттады.
Жарма ауданы атбегілер ұжымы 2025 жылы ауданымызда ат спортының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мектебіміздің 11-сынып оқушысы Алижанов Дамирды Жарма ауданы бойынша «Үздік бапкер» номинациясымен марапаттады. Оның баптауындағы «Үкілі қыз» тұлпары «Шығыс алтын тайы» жарысында жеңіске жетіп, бас жүлдені иеленді.Дамирге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ұлттық спортты дамыту жолында толағай табыстар тілейміз!