20
февраль
2023
Корея елінің Sokcho қаласындағы "Kyungdong University" студенті Арғынғазин Әкежан
Мектебіміздің түлегі, бүгінгі күні Корея елінің Sokcho қаласындағы "Kyungdong University" студенті Арғынғазин Әкежан жоғары сынып оқушыларымен кездесуге келіп, өзінің студенттік шағындағы қызықты да қиын болған сәттерімен бөлісті. Шетелде білім алу үшін тіл білудің маңыздылығын, мектеп қабырғасынан бастап білімге ұмтылу керектігі жайлы пайдалы кеңестер бере отырып, бүгінгі күні өзінің білімі мен алға қойған мақсатқа жету жолындағы табандылығының арқасында ағылшын тілін еркін және корей тілін меңгергендігін атап өтті. Әкежанға зор денсаулық тілей отырып, алдына қойған мақсат-міндеттеріне қол жеткізуіне тілектестігімізді білдіреміз.


