28
май
2022
«Білім жолы» зияткерлік марафонының облыстық кезеңі
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 мамыр күні балалар жылына арналған «Білім жолы» зияткерлік марафонының облыстық кезеңі өтті. Марафонға мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбынан құралған «Жарма жұлдыздары» тобы қатысып, «Жыл жаңалығы» номинациясын иеленді. Топ құрамы: Оразай Айқын,Мұратбекұлы Мұқағали, Ерлік Алинұр, Ұланбекқызы Кәусар, Серикханов Амирхан, Толеубекова Томирис. Әр қатысушыға ұйымдастырушы алқалары тәтті сыйлықтармен, оқу құралдары салынған сөмке табыстады.





