22
ноябрь
2024
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбында балалар омбудсмендерімен кездесу өтті.




2024 жылдың 20 қараша күні Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev университетінде Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына орай «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбында балалар омбудсмендерімен кездесу өтті. Шараға 50-ден астам балалар өкілдері мен балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры.
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н. Жумадильдаева құттықтау сөзінде балалардың әл-ауқаты Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылатынына назар аударды.
Конференцияда жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығы талқыланып, сондай-ақ олардың дағдылары мен білімдерін дамыту үшін тренингтер ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің 10 оқушысы Советбеков Мадияр қатысып, болашағына керек тың ақпараттар, көптеген мағлұмат алып, тәжірибе жинақтап, ерекше әсермен қайтты. Аталған шараға қатысқаны үшін Мадиярға арнайы диплом табысталды.