09
июнь
2022
«Мен қолдаймын, мен қарсымын» атты әңгімелесу
9 маусым күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидолаева жазғы мектептегі 3 «В» сыныбымен оқушыларға балалық шақ үшін ең қажетті қауіпсіздік пен бала еңбегі туралы ақпарат беру, түсіндіру мақсатында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» науқаны қарсаңында психологиялық жұмыстар жүргізді. Балалардың құқықтары мен бала еңбегін түсіндіру мақсатында «Мен қолдаймын, мен қарсымын» атты әңгімелесу жүргізді. Жұмыс барысында оқушылар «Мен бақытты баламын!» тақырыбында қиялдарына сүйене отырып, ермексазбен шығармашылық жұмыс жасап, «Құлыншақ» ойынына көтеріңкі көңіл-күймен қызыға қатысты.