2018 жылдың 15 ақпанында «Георгиевка орта мектебі»КММ-де Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
2018 жылдың 15 ақпанында «Георгиевка орта мектебі»КММ-де Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде келесі мәселе қарастырылды:
1.«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының аясында анықталған күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қабылданған қаулы:
1. «Георгиевка орта мектебі»КММ бойынша оқу бағдарламаларын және тәрбие құралдарын іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан қажетті жағдайлар жасауға қолдау көрсетілсін.
2. Мектепке қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз етуге кеңес мүшелері демеушілердің назарын аударуға ықпал етсін.
3. Әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге жан-жақты көмек көрсетілсін.
4. Қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстарын және жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырсын.