«Абайлаңыз, балалар!»
Шығыс Қазақстан облысы бойынша өткен «Абайлаңыз, балалар!»акциясы аясында Георгиевка орта мектебі оқушыларының арасында жол - көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын - алу үшін онкүндік өткізілді. Онкүндікте оқушыларға әр түлі жағдайларда жарақаттану және көлік жарақаттарының алдын - алу үшін ақпараттар берілді. Мектеп дәлізінде өмір және жол қауіпсіздік ережелері, маскүнемдіктің жол қозғалысы кезіндегі зияны туралы «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында ата-аналарға арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылып, 1-11- сыныптарға ата-аналардың, БАҚ өкілдерінің, МАИ қызметкерлерінің, мектеп инспекторының қатысуымен тәрбие сағаттары өткізілді. Жоғарғы сынып оқушыларына жол-көлік оқиғасы уақытында есінен танған адамдарға берілетін алғашқы медициналық көмек беруді үйрету үшін медицина қызметкерінің қатысуымен тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.