23
апрель
2019
"Кітап білім бұлағы" атты отбасылық оқу сайысы
«Георгиевка орта мектебі» КММ – нің кітапханасында 23 сәуір «Бүкіләлемдік кітап күніне» орай 3 сынып оқушыларымен «Кітап – білім бұлағы» атты отбасылық оқырмандар сайыс сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты- баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орынын түсіндіру, кітапты таңдау, оны оқып , баланың жүрегіне жеткізудегі ата- ананың рөлін таныту, баланың кітап оқуына басшылық жасау дағдыларын қалыптастыруға көмек көрсету.
Қоғамда ой -өрісі кең, парасаты мол азамат тәрбиелеуде кітаптың алатын орыны зор. Сондықтан, шара барысында отбасындағы кітапқа деген қызығушылықты арттыру, ата- аналардың баланың кітап оқуына басшылық жасау дағдыларын қалыптастырып , жетілдіруге көңіл бөлінді.