22
май
2023
«Мен сүйіспеншілікке толымын!» тақырыбында тренинг
22 мамыр күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Мен сүйіспеншілікке толымын!» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында «Көңілді қимылдар» жаттығуы, «Кім жылдам?» ойыны, «Қадам» және «Көңілді суреттер» жаттығуларына көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.