23
май
2023
«Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ- де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай мектеп түлектерінің өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, емтихан алдында бойларына сенімділік орнату және позитивті ойлауды қалыптастыру мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг «Жылулық сыйла» жаттығуымен басталып, көтеріңкі көңіл-күймен жалғасты. Тренинг барысында оқушылар қиялдарына ерік беріп «Өмірің өз қолыңда...» тақырыбындағы суретті аяқтап, өз болашақтарын «Армандар картасы» арқылы суреттей алды. Тренинг соңында қатысушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін «Жарқын болашақ» жаттығуы арқылы жеткізіп, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. «Егер ұша алмасаң, жүгір. Жүгіре алмасаң, жүр, жүре алмасаң еңбекте!» деген ұранымен мектеп түлектеріне тек Ақ жол тілейміз!