28
апрель
2023
«Дос болайық бәріміз!» тақырыбында тренинг
27-28 сәуір күндері «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен 6 «Б» және 7 «Ә» сынып оқушыларына достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы және оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да, шыншыл дос таба білуге баулу мақсатында «Дос болайық бәріміз!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар Менің өмірімдегі досыммен өткізген «Ең бақытты сәттерім» тақырыбында суреттерді кадр бетіне түсіріп, «Менің көңіл - күйім» тақырыбында көңіл-күйлерін бейнелеп, «Чемодан» ойынын белсенді ойнады. Сабақ соңында бір-біріне ең жақын достарына арнап «Досым сен болмасаң...» тақырыбында жылы лебіздерін айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.