07
апрель
2023
«Доссыз өмір бос» тақырыбында психологиялық жұмыс
07 сәуір күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева 7«В» сынып оқушыларымен достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да, шыншыл дос таба білуге баулу мақсатында «Доссыз өмір бос» тақырыбында психологиялық жұмыс ұйымдастырылды. Жұмыс барысында «Мейірімді сыныптың макеті», «Өзімізді өзгертпесек, сыныпты өзгерте алмаймыз», «Майлықтар», «Мейрімді оқушы мен тас жүрек оқушының айырмашылығы» тақырыбындағы ойындар арқылы өздерінің ойларымен ашық бөлісе алды. Жұмыс соңында «Әр түрлі болсақ та, біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз» ұраны жайында білімдері кеңейіп, «Достық» ұғымының мәнін түсінді.