24
ноябрь
2021
«Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты шығармашылық жұмыс
Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева жас мамандармен сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Жұмыс барысында әріптестер «Әлемге сүйіспеншілікпен қарайық!» тақырыбында арт терапия элементтерін қолдана отырып, мозаикамен жұмыс жасап, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Жұмыс соңында бір-біріне сәттілік тұмарын сыйлады.