09
декабрь
2021
«Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау»
«Георгиевка орта мектебі» КММ- де 7- 8 желтоқсан күндері мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Кабидоллаева мектеп бітіруші түлектермен «Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізді. Психологиялық жұмыс барысында мектеп бітіруші түлектер өздерінің болашақ мамандықтарына қатысты қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, объективті түрде шешім қабылдау керек екенін түсінді. Оқушылар сабақ соңында өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алып, болашақтарына деген сенімдері арта түсті.