05
апрель
2023
«Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында жұмыс жүргізілді.
5 сәуір күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтарының жоспарына сай жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу, қиялдарына ерік беру мақсатында 9 «В» сынып оқушыларымен «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушылар « Роботтар» ойыны арқылы өздерін еркін ұстап, өздерінің қалаулары бойынша роботтарды құрастырып, оған есім таңдап, сипаттап, өз ойларымен ашық бөлісіп, көңіл-күйлері көтеріле түсті.