19
январь
2023
«Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында практикалық сабақ
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де 7«В» сынып оқушыларымен өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында әртүрлі қимыл-қозғалыс жасау арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, өздерінің қиялдарына ерік беріп, бір-бірімен тығыз қарым - қатынас орната алды.