12
ноябрь
2021
«Жүректегі сәуле» тақырыбында тренин
«Георгиевка орта мектебі» КММ –де 05 қараша күні мектеп психологтары А.Н. Кокиева мен Б.А.Кабидоллаева 9 «В» және 9 «Г» сынып оқушыларымен оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға, өз-өзін реттеу мақсатында «Жүректегі сәуле» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында оқушылар «Мені… үшін жақсы көреді», «Мен... үшін өмір сүргім келеді» сөйлемін аяқтап, алдын ала дайындалып үрленген шарларда өмір мәніне, достыққа, махаббатқа байланысты афоризмдер жазылған шарларды таңдап, сурет салды. Тренинг «Алтын балық» жаттығуымен жалғасын тауып,
«Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?» сұрағына өз ойларын ашық айтып, тренинг соңында «Ең бақытты адам» жайында бейнеролик көріп, өз әсерлерімен бөлісіп, өмір сүрудің мәнің түсінді.