20
январь
2023
11-сынып ата-аналарымен жиналыс
2023 жылдың 20 қаңтар күні 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу туралы, 11-сынып оқушыларының дайындық кестесі, 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылды. Жиналыс соңында ата-ана мен бала арасындағы емтихан алдындағы сенім мен қолдауды нығайту мақсатында «Жүрек жылуын балаға сыйла» тақырыбында психологиялық кездесу ұйымдастырып, “Балалық шаққа саяхат” тақырыбында балаларының бастауыш буыннан бергі фотолары арқылы әсерлі бейнероликті тамашаласа, “Ең әдемі көздер” атты жаттығуда көздерінің фотосы арқылы өз балаларын тауып, суретті естелікке алды. “Баламен ашық хат” тақырыбында ата-аналар балаларына өздерінің жылы лебіздерін ақ қағаз бетіне түсіріп, әрбір ата-ана мен бала арасындағы махаббат нығая түсті.
















