24
март
2022
«Баланың шығармашылық ойлауын дамыту: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жиналыс
2022 жылдың 18 наурыз күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де PISA- 2022 халықаралық зерттеуі ережесімен таныстыру мақсатында зерттеуге қатысатын 15 жастағы мектеп оқушыларының ата-аналарымен «Баланың шығармашылық ойлауын дамыту: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға PISA зерттеуі туралы ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды. Мектеп психологы А.Кокиева «РІSA халықаралық зерттеуі кезінде ата–ана баласына қалай көмек көрсете алады?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, жиналыстың соңында сауалнама алды. Ата- аналар PISA-2022 халықаралық зерттеуі жайында мазалаған сұрақтарына жауап алып, барлық ережемен танысты.