07
декабрь
2022
«Мамандығым - өмірімнің айнасы» тақырыбында психологиялық жұмыс
«Георгиевка орта мектебі» КММ- де 7 желтоқсан күні 11«Б» сынып оқушыларымен мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Кабидоллаеваның жоспарына сай жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру мақсатында мектеп бітіруші түлектермен «Мамандығым - өмірімнің айнасы» тақырыбында психологиялық жұмыс жүргізді. Психологиялық жұмыс барысында мектеп бітіруші түлектер өздерінің болашақ мамандықтарына қатысты қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, объективті түрде шешім қабылдау керек екенін түсінді. Оқушылардың сабақ соңында көңіл-күйлері көтеріліп, өздерінің болашақтарына деген сенімдері арта түсті.