Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі
Бүгін мектебімізде Семей қаласының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінен» келген кәсіптік бағдар беруші Әбеуова Тоғжан Рустамқызымен кездесу өтті.Кездесу барысында оқушыларға еліміздегі бірегей оқу орындарының бірі туралы толық ақпарат берілді: Колледждегі заманауи мамандықтар (геодезия, картография, құрылыс); Оқуға түсу шарттары мен қажетті құжаттар; Студенттерге арналған жатақхана мен шәкіртақы мүмкіндіктері.