Гір тасын көтеруден Азия чемпионаты
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен Азия турнирінде мектебіміздің 8-сынып оқушысы Еркебұланқызы Дарина гір спортынан жоғары шеберлік танытып, қарсыластарынан озып шығып, алтын медаль иеленді. Осы жеңісі арқылы Азия чемпионы атанды. Даринаның спорттағы жеңістеріне жетекшілік етіп жүрген жаттықтырушысы — Рахимгалиев Даулетказы Мухтарханович. Оқушымызды және жаттықтырушысын жеңістерімен құттықтаймыз!