«Жазғы Boom!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ педагогикалық жасақтар слеті
25 сәуір күні Ақмола облысы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Жазғы Boom!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ педагогикалық жасақтар слеті өтті. Слетке Абай облысының атынан «Abai Energy» командасының құрамында болған мектебіміздің жас маманы НУРСАПАНОВ ЕРАСЫЛ НҰРЗАТҰЛЫ қатысты. Ерасыл Нұрзатұлы слет бағдарламасы бойынша шараларға қатысып, әр өңірден келген ұстаздармен өзара тәжірибе алмасып, арнайы СЕРТИФИКАТПЕН марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Білім берген жолыңыз жемісті, еңбегіңіз берекелі болсын!