Тәрбие ісі » Страница 5 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
Кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнирі
01
апрель
2024
Кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнирі
Жастардың бос уақытын тиімді  ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында  Алматы қаласында кёкушинкай-каратэден өткен "Альянс кубогы" республикалық турнирге мектебіміздің оқушылары белсене  қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтсақ: Амангелді Жанель 3 орын  Айтказин Амиржан 3 орын Ерлан Нурислам 3 орын Еркебұланқызы Тоғжан 2 орын Коккозов Алишер 2 орын Коккозов Алисултан 1орын Серикканов Ерсултан 1 орын 
Құстар күніне орай  «Құстар – біздің досымыз»
01
апрель
2024
Құстар күніне орай «Құстар – біздің досымыз»
Балаларды табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға шақыру мақсатында «Семей орманы табиғи резерваты  мемлекеттік Тау-Дала филиалының» мемлекеттік испекторлары К.Т.Карибжанов пен Е.Б.Диканбаев   6, 7-сынып оқушыларымен құстар күніне орай  «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында әңгіме жүргізіп, мектеп ауласына құс  ұяларын орнатты.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз
22
март
2024
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына  орай  киіз үй құруға белсене қатысып, қазақ үйінің ұлттық салт-жоралғыларының өзіндік ерекшеліктерін айшықтап, дәріптегені үшін және "Асыл мұра" атты қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырғаны үшін "Георгиевка орта мектебі"  КММ-нің ұжымы  аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
"Сырға салу" салты
22
март
2024
"Сырға салу" салты
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына  орай  қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Қазағымның дәстүрлері-ай" атты театрландырылған көріністе "Сырға салу" салтын  ұйымдастырып, белсене қатысқаны  үшін "Георгиевка орта мектебі"  КММ-нің ұжымы  аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы!» атты ұлттық ойындар сайысы
20
март
2024
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы!» атты ұлттық ойындар сайысы
Әз Наурыз мерекесі қарсаңында   «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы!» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. Балалар сыныппен   садақ тарту, асық ату, қол күрес, арқан тарту  сияқты ұлттық ойындардан бәйгеге түсіп, өзара жарысты.  Нәтижесінде сайысқа түскен команда мүшелері І орынға қамшы, ІІ орынға тақия, ІІІ орынға киіз үй, домбыра пішініндегі кәдесыйларға ие болды. #Абай_облысы_Жарма_ауданы  #Біртұтас_тәрбие
«Ұлыстың Ұлы күні жасасын!» тақырыбында сынып сағаттары
20
март
2024
«Ұлыстың Ұлы күні жасасын!» тақырыбында сынып сағаттары
Әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі - Наурыз мерекесіне орай  «Ұлыстың Ұлы күні жасасын!» тақырыбында сынып сағаттары  ұйымдастырылды. Сынып сағаттары барысында  балалар ұлттық киімдер киіп, ұлттық  құндылықтар  мен  мейрам жайлы түрлі ақпараттар алды.  Ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайып, Наурыз көжеден дәм татты. #Абай_облысы_Жарма_ауданы  #Біртұтас_тәрбие
"Туберкулез және оның алдын алу" тақырыбында дәріс
18
март
2024
"Туберкулез және оның алдын алу" тақырыбында дәріс
Жарма аудандық ауруханасының "Ауруды алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету кабинетінің" ЖТД дәрігері Мусатова М.Б., фельдшер Сулейменова С.С., психолог  Жарылғапова А.М.  8-9-сынып оқушылары арасында "Туберкулез және оның алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.  Аталған аурудың таралу жолдары мен алғашқы белгілері туралы толық ақпарат беріп, брошюралар таратты.
"Шаңырақ" күніне орай  "Батаменен ел көгерер"
17
март
2024
"Шаңырақ" күніне орай "Батаменен ел көгерер"
17 наурыз - "Шаңырақ" күніне орай  "Батаменен ел көгерер" атты отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында  оқушыларымыз өз шаңырақтарында  ата-әжелерінен бата алып, дастархан басында ұлттық құндылықтар жайлы мәліметтер жинап, өз отбасымен тамаша демалыс күндерін өткізуде. #Абай_облысы_Жарма_ауданы  #Біртұтас_тәрбие
"АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР" АТТЫ ҰМЫТЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР  сайысы
15
март
2024
"АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР" АТТЫ ҰМЫТЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР сайысы
"Мәдениет және ұлттық  салт-дәстүрлер" күніне орай 6-сыныптар  арасында  жыл сайынғы дәстүрге айналған "АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР" АТТЫ ҰМЫТЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР  сайысы ұйымдастырылды.  Әділқазы алқасы мүшелері  мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелері  Г.М.Мустафина, К.Магзум және ардагер  ұстаз Г.А.Ахметжанова сайыскерлерімізді бағалап, жүлделі орындармен марапаттады. #Абай_облысы_Жарма_ауданы  #Біртұтас_тәрбие  #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы
15 наурыз - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНЕ орай "Наурызым - дәстүрлі ізгілігім" атты акция
15
март
2024
15 наурыз - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНЕ орай "Наурызым - дәстүрлі ізгілігім"
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі", - демекші Наурыз мерекесі қарсаңында  15 наурыз - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІНЕ орай "Наурызым - дәстүрлі ізгілігім" атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында "Айбын" әскери-патриоттық клуб мүшелері  жетекшісі Д.М.Рахимгалиевпен Малдыбаева Галина Есимхановнаның  үйіне барып, ауласын  қардан тазалауға көмектесті. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. #Абай_облысы_Жарма_ауданы  #Біртұтас_тәрбие