04
январь
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалысты тиімді пайдалануда «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.













"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалысты тиімді пайдалануда «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру; көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру; көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге; тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Шара барысында оған қатысушыларға 1-4 сыныптар, 5-9 сыныптар және 10-11 сынып оқушылары үшін ұсынылған кітаптар тізімі бойынша әзірленген кітап көрмесі таныстырылды.
Әр кітапқа шолу жасалып, шығармалардан қызықты сәттер көрсетілді. Кітап көрмесіне шолу жүргізілгеннен кейін, жаңа оқырмандар тіркелді.