"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының
2024 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында республикалық "Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің 7-сынып оқушысы Калимбек Айару ІІІ орынды, 10- сынып оқушысы Андраш Балнұр жүлделі І орын иегері атанды. Жетекшісі Нурмухаметова Айдана Дәулетбекқызы. Жеңімпаздар мен жетекшісін жеңістерімен құттықтап, Балнұрға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!