Психологиялық тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ- де 18 қараша күні мектеп психологтарының жоспарына сай 5«Е» сынып оқушыларының психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату, шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Жұмыс барысында «Лента жаттығуы», «Ертегі терапиясы», «Кедергіден өту», «Суретті аяқта» ойындары арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната алды.